Филиппин аралдарында күшті зілзала болды

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Филиппинде тербелісі 6,7 балл болатын күшті зілзала бейсенбі күні, қазанның 8-інде таңертең болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Зілзаланың кіндігі Сулавеси теңізінде орналасқан. Дүмпу нүктесі тым тереңде болғандықтан Жер үстінде ол оншалықты сезіле қоймаған. Цунамидің туындау қатері жоқ.