Филиппин астанасын топан су басты. ВИДЕО

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Су тасқыны салдарынан Филиппин астанасы Маниланың жартысынан көп бөлігі су астында қалды, деп хабарлайды segodnya.ua.

Алдын ала деректер бойынша, 7 адам ажалын судан тапты, оның ішінде 2 бала бар. Он мыңдаған адамдар тасқыннан жапа шеккендерге арналған баспанаға тығылып отыр. Мектептер, банктер және басқа да мекемелер жұмысын тоқтатты.

Атап өтейік, жыл сайын маусым мен желтоқсан айы аралығында, жаңбырлы маусым кезеңінде Филиппинді күшті дауылдар ұйытқытып, ел халқын әбігерге салады. Мәселен, 1991 жылы елде рекорд орнатқан ең күшті дауыл Филиппиндегі Лейте аралының алты мың адамының өмірін алып кетті.