Филиппиннің табиғи апаттардың қаупін азайту мен тәуекелдерді басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің (NDRRMC) хабарлауынша, нөсер жауын елдің орталығы мен Лусон аралына ерекше көп жауған.
Нөсер жауын салдарынан пайда болған су тасқындары адамдардың өміріне, нақтырақ айтқанда кемінде 2 млн адамның тағдырына кері әсерін тигізді.
Нөсер жауынның ықпалымен болған көшкін мен су тасқындарының салдарынан Манила мен Лузон аралдарында өткен аптада 25 адам мерт болды.
Жыл сайына Филиппин елінде 20-қа жуық тайфундар мен дауылдар соғады.