«Егер есірткі саудасы өзекті мәселеге айналып, қатты өрбісе әскери жағдай жариялаймын. Мені ешкім тоқтата алмайды», - деп мәлім етті көшбасшы, елдің оңтүстігіндегі Давао қаласында сауда палатасының мүшелерімен кездесу барысында.
Дутерте президенттік қызметке тағайындалғанда елін барлық қауіп-қатерден, соның ішінде есірткіден қорғауға ант бергендігін атап өтті. Дутертенің айтуынша, есірткіге елту төрт миллион филиппиндіктің проблемасы болып отыр.