Түрме қызметкерінің мәлімдеуінше, шабуыл жасағандар күзетке қарсы оқ атқан, салдарынан пенитенциарлық мекеменің бір қызметкері жараланып, тағы біреуі көз жұмды. «Шабуыл алдан ала жіті ойластырылған, қашқындар жерге түсу үшін жайманы қолданған. Қазір қашқындарды іздестіру операциясы жүріп жатыр», - деді агенттікке түрме қызметкері. Сонымен бірге, ол аса қауіпті қылмыскерлерді іздестіру амалдары жүріп жатқандығын атап өтті. Шабуылға дейін түрмеде 1511 адам жазасын өтеген.
11:37, 04 Қаңтар 2017
Филиппин түрмесіне шабуыл: 130-дан астам қылмыскер қашып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні белгісіз қарулы топтың Филиппин оңтүстігіндегі Котабато провинциясының түрмесіне шабуылы кезінде ең кемі 132 қылмыскер қашып кетті, алдын ала болжам бойынша, қашқындардың барлығы дерлік исламшылар. Бұл туралы Синьхуа агенттігі түрме қызметкеріне сілтеме жасап хабарлайды.