Филиппин жағалауларында 251 адам мінген паром суға батып кетті
14:35, 21 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин жағалауларында бортында 251 жолаушысы бар паром суға батып кетті, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.
Жағалау күзетінің ресми өкілі Арманд Балилоның мәлімдеуінше, Полилло аралына бара жатқан кеме Манила қаласынан шығысқа қарай 70 шақырым қашықтықта қолайсыз ауа райына байланысты апатқа ұшыраған. Қазірге құрбан болғандар туралы нақты мәлімет жоқ.