Филиппин жағалауында паром суға батты, 37 адам із-түссіз жоғалды

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Филиппин жағалауында жолаушылар мінген паром суға батып кетті. Оның бортында 57 адам мен экипаж мүшелері болған,

деп хабарлады Утро.ру.

Апат орын алғаннан кейін оқиға болған жерге жеткен құтқарушылар 20 адамды тірідей тауып алды. Ал қалған 37 адам із-түссіз жоғалды. Қазіргі уақытта төтенше оқиға орын алған аумақта іздеу жұмыстары жүргізілуде.