Филиппин жағалауында жүк кемесі апатқа ұшырады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Панаманың туы астында сапарлап жүрген жүк кемесі Филиппин жағалауларына жақын маңда апат дабылын берді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Филиппин жағалаудағы күзет қызметінің деректері бойынша кемеде екі оңтүстіккореялық және 18 филиппиндік экипаж мүшелері бар.