Филиппинде 475 адамның өмірін жалмаған «Бофа» дауылы Қытайға төніп келеді
13:35, 06 Желтоқсан 2012
БЕЙЖІҢ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Филиппинде кем дегенде 475 адамның өмірін қиған «Бофа» дауылы Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауына жақындап келеді.
ҚХР метеорологиялық қызметінің мәліметтеріне қарағанда, алдағы 3 күнде Тайванда және Оңтүстік-Қытай теңізінің акваториясында сағатына 100-180 шақырымдық жылдамдықпен құйынды дауыл соғады деп күтілуде.
Сәрсенбі, 5 желтоқсан күні «Бофа» дауылы Филиппиннің жағалауына төнді, салдарынан 475 адам көз жұмды, жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кетті.