ҚХР метеорологиялық қызметінің мәліметтеріне қарағанда, алдағы 3 күнде Тайванда және Оңтүстік-Қытай теңізінің акваториясында сағатына 100-180 шақырымдық жылдамдықпен құйынды дауыл соғады деп күтілуде.
Сәрсенбі, 5 желтоқсан күні «Бофа» дауылы Филиппиннің жағалауына төнді, салдарынан 475 адам көз жұмды, жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кетті.