Филиппинде автобус жарға құлады: 3 адам мерт болды, 40 жаралы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қыркүйек күні Филиппинде автобус тереңдігі 35 метрлік жарға құлап, үш адам ажал құшты, 40 адам жарақаттанды, деп хабарлайды РБК.

Апат Кесон провинциясындағы Пагбилао қаласында орын алды, деп мәлім етті жергілікті полицияның басшысы Вон Юн Нуюда.

Оның айтуынша, автобустың тежегіші істен шыққан. Екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, үшіншісі ауруханада көз жұмды.

Жараланған сегіз адамның жағдайы аса ауыр.