АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маниланың маңындағы ірі автокөлік апатынан кем дегенде 21 адамның өмірі қиылып, 20-ға жуығы жарақат алды.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, жолаушылар автобусы көпірдегі жолақтан шығып кетіп, өтіп бара жатқан автофургонның үстіне құлады. Бұл қайғылы оқиға дүйсенбі таңертең орын алды.
Алдын ала мәлімет бойынша апатқа ауа райы себеп болған, яғни жаңбыр салдарынан жол үстіндегі тайғақтан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.