Жергілікті полиция өкілінің хабарлауынша, белгісіз адам әскери бекетке қарай граната лақтырды, ол қасындағы цирктің қорғаныш торына соғылып, ойынды тамашалап отырған ондаған көрермендерге қарай аунақшып түсті.
Күшті жарылыстың және басталған дүрбелеңнің салдарынан 37 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауруханада ауыл халде жатыр.
Полиция тексеру жүргізуде. Әзірге шабуылға жауапкершілікті Филиппиндегі экстремистік топтардың бірде-біреуі мойнына алған жоқ.