Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, кешегі таратқан ақпарат бойынша құрбандардың саны 652 еді. Басқарманың соңғы мәліметтеріне қарағанда, 49 адам жоғалып кеткен. Апаттан, әсіресе, елдің оңтүстігіндегі Минданао аралы жапа шегіп отыр. Қаза болғандардың көбісі Кагаян-де-Оро қаласы аумағында және аралдың солтүстігіндегі Илиганнан табылған. Филиппин Президенті Бенигно Акино сейсенбі күні осы екі қалаға бармақшы.
09:22, 20 Желтоқсан 2011
Филиппинде дауыл салдарынан жапа шеккендердің саны мыңға жуықтады
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Филлипинде «Ваши» дауылының және оның әсерінен болған нөсерлі тасқынның салдарынан 957 адам зардап шегіп отыр.