Филиппинде екі адам «Ноул» тайфунының құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде екі адам 'Ноул' тайфунының құрбаны болды. Тағы да жағалау маңындағы 3,5 мың тұрғын тайфунның жақындауына байланысты қауіпсіз жерге көшірілді.

Тайфун дүйсенбіде Филиппиннің солтүстік-шығысына қарай орын тепкен Лусон аралына жетті. Тайфун біршама бәсеңдеп, солтүстік-батысқа қарай жылжығаны хабарланады, жел жылдамдығы сағатына 195 шақырымға жетеді.

Биліктің хабарлауынша, хабарламаға жауапкершілікпен қараған халық дер кезінде көшірілген, қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды.

Жақындаған Тайфунға байланысты авиарейстер кейінге қалдырылып, кеме қатынасы тоқтатылды. Кей аудандарда азық-түлік қорлары құрылды.

Кагаян провинциясының тұрғындары - 70 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы ұлы ескертуге қарамастан көшеге шығып, апат құрбаны болды.