Филиппинде иттерге арналған фестиваль өтті

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Филиппинде жыл сайын ұйымдастырылатын «Иттерге арналған Хэллоуин» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Жануарларды қорғау қоғамы ұйымдастырған шара кезінде қожайындары салпаң құлақтарға қорқынышты костюмдер кигізеді. Жүзге жуық талапкер қатысқан бұл шарадан түскен қаржы жануарларға арналған орындарға аударылады. Айта кетейік, үй жануарларын дәріптейтін ең үлкен Хэллоуин Нью-Йоркте 20 жылдан бері ұдайы өткізіліп келеді. Оған жыл сайын 500-ден астам ит-мысықтар жиналады.