МАНИЛА. KAZINFORM – Елдегі төтенше жағдайлар қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық кеңес (NDRRMC) дауылға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Анадолы Филиппин ақпарат агенттігіне (PNA) сілтеме жасап.
NDRRMC мәліметтері бойынша, дауылдар 23 адамның өмірін қиды, 13 адам жарақат алды және 15 адам із-түзсіз жоғалды.
Ақпарат бойынша миллионға жуық адам дауылдан зардап шеккен.
NDRRMC сонымен қатар 63 000 адамның қауіпсіз жерлерге эвакуацияланғанын хабарлады.
Айта кетейік, тамыз айының басында Филиппиндегі Батчой және Карина тропикалық дауылдары салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннен 48 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы