Басылымның дерегі бойынша, Робер биіктігі 217 метрден асатын G.T. International Tower мұнарасына шыққан. Бұл ғимарат елдегі ең биік үйлердің ондығына кіреді. Француз мұнараға шығуды жергілікті уақытпен 10:40-та бастады.
Биікке шыққан «өрмекші адамды» полиция күтіп тұрды. Кейін оны бөлімшеге алып кетті. CNN телеарнасы хабарлағандай, Роберге ғимаратқа заңсыз кіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айып тағылуы мүмкін.
Робер бұдан бұрын арнайы қорғаныс құралдарынсыз биік ғимараттарға шығудағы жетістігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген еді.