АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жойқын «Хайян» тайфунынан кейін бір айдан астам уақыт өтсе де, Филиппиннің орталық бөлігінде күн сайын қаза болған адамдардың 30-ға дейін денесі табылып жатыр.
Бұл туралы жергілікті билік мәліметтерінде хабарланды.
Ресми деректер бойынша қазіргі кезде опат болғандардың саны 6 мыңнан асып отыр және 1800 адам хабар-ошарсыз жоғалғандар санатында.
Атап айтқанда «Хайян» тайфуны метеобақылау тарихында Филиппиндегі адам өмірін көп шығындаған ең қуатты тибиғи апат ретінде аталып отыр.
16 миллион адам тұрған апатты және зақым келген үйлерді қалпына келтіруге кем дегенде үш жыл уақыт керек екен.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.