Бортта болған 870 адамның 572-сі жағаға жеткізілген. Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдар кеменің ішінде қалып қойған болуы мүмкін деп жорамалдайды, деп хабарлайды РБК.
Апат жұма күні, 16 тамыз күні кешке орын алған. 904 жолаушы сиятын "Әулие Фома Аквинский" паромы Себу аралындағы аралық аялдамаға тоқтап, Минданаодан Манилаға рейспен қатынаған.
Жағадан шамамен 2 шақырым қашықтықта паром "Сульписио" жүк кемесімен соқтығысып қалған, соңынан бір жаққа ауып кетіп, екпінмен су астына кеткен.
Құтқарылғандардың сөзіне қарағанда, апат кешкі мезгілде (жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-де) орын алғандықтан, көптеген жолаушылар ұйықтап жатқан. Палубаға жетіп үлгергендер қараңғыда бортқа қарай секірген.
Батып бара жатқан паромнан жолаушыларды ТЖ ауданына бағытталған жағалау күзеті кемелері, сондай-ақ, оқиға орнына жақын жердегі кемелер құтқарған.
Филиппин 1987 жылғы желтоқсанда "Донья Пас" паромы "Вектор" танкерімен соқтығысып қалғаннан кейін жолаушылар кемесінің суға батып, апатқа ұшырауынан қаза тапқан адамдар саны жағынан әлемдегі ең ірі орын болды. Ол кезде паромның 4 мың 375 жолаушысы және танкер экипажының 11 мүшесі қаза тапқан болатын.