Филиппиннің католик епископтары конференциясының президенті Сокрейтс Виллегас исламшылдар «бізге қарсы тұрған үкіметтік күштер кері қайтарылмаса», кепілдегі адамдарды өлтіреміз» деп ескерткенін айтты.
Дін қызметшісі филиппиндіктерге тұтқында отырғандар үшін дұға жасауды, ал үкіметке кепілдегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.
22 мамырда Флиппин президенті Родриго Дутерте лаңкестердің шабуылына байланысты Минданао провинциясына әскер енгізді.