АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жасөспірімдер Филиппинде 14 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында басталған Азия чемпионатында өнер көрсетеді.
Қазақстан намысын Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қорғайды.
Қазақстандық жасөспірімдер 2025 жылы табысты өнер көрсетулері нәтижесінде аталмыш жарысқа Азия теннис федерациясынан (АТФ) шақырту алды.
Бұл турнирдің маңыздылығы сол, жеңімпаздар алдағы жылы Аустралия ашық чемпионатының екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under жарысына жолдама алады.
Қазақстандық жасөспірімдер осыған дейін Elite Junior Trophy 14 & Under шеберліктерін таныта білді. Альбина Кәкенова 2023 жылы, Ева Корышева 2024 жылы финалға дейін жетті. 2025 жылы Родион Трайгель тәжірибе жинақтап қайтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Астанадағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).