100-ден астам адам әртүрлі жарақат алып, ондаған үйлер бұзылған. Қазіргі уақытта құтқару-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
20:27, 06 Ақпан 2012
Филиппинде жер сілкінісінің салдарынан 43 адам қаза тапты
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Филиппиндегі Негрос аралының шығыс жағалауында орын алған қатты жер сілкінісінің салдарынан кем дегенде 43 адам қаза тапты, 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.