Жергілікті полицияның мәліметіне қарағанда, сәрсенбі күні 06:00-де ел астанасы Маниланың оңтүстігінде 120 шақырым қашықтықта орналасқан Батангас провинциясында қант құрағын әкетіп бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол бойындағы мейрамханаға соқтығысқан, сондай-ақ мейрамхана маңында тұрған бес автомобильді жаншып өте шыққан.
Апат салдарынан мейрамханадағы төрт адам оқиға орнында, үшеуі ауруханада қаза тапса, зардап шеккен бесеуі ауруханаға жеткізілген.
Полиция апаттың мән-жайын хабарлаған жоқ. Тек жүк көлігі жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткені және іздеу салынғаны мәлім болды.
Фото: © AFP 2018 / Jay Directo