Филиппиндегі су тасқыны мен көшкіннің құрбандарының саны 200-ге жетті
04:39, 24 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде тропикалық «Кай Так» дауылының салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан кемінде 200 адам құрбан болды, деп жазады ТАСС.
Осыған дейін France-Presse агенттігі 133 адамның құрбан болғандығы туралы жазған.
«Кай Так» биылғы жылы Азияда болған 26-шы Тынық мұхиты циклоны. Мұндай атау оған Гонконгтағы ескі әуежайға байланысты берілген. Аталмыш әуежай Виктория бұғазының маңындағы таулар мен елді мекендердің арасында орналасқан және ол әлемдегі ең қауіпті амақтардың бірінен саналған.