Құтқару операцияларына жағалаудағы күзет қызметкерлері қатысуда. Табиғи апат Рождество мерекесіне тұспа-тұс келді. Бұл кезде көптеген филиппиндіктер қоғамдық орындарда болып не туыстарының үйінде қонақтап жүрді. Елдің Әлеуметтік істер министрлігінің мәліметінше, 46 мыңға жуық адам эвакуациялық орталықтарды паналаған.
Ғалымдардың пікірінше, Филиппин климаттық өзгерістердің әсерінен көп зардап шегетін елдердің қатарында. 7600-ден астам аралдан тұратын архипелагта жылына орта есеппен 20 тропикалық дауыл болады.
Фото: AFP PHOTO