Филиппиндегі тайфун зардабынан опат болғандар саны 4460 адамға жетті

None
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Филиппин билігі «Хайян» тайфунының салдарынан қаза болғандар саны 4460-қа жеткенін мәлім етті,

деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Бұл туралы журналистерге БҰҰ бас хатшысы ресми өкілінің орынбасары айтқан.

«Филиппин билігінен алған соңғы ақпарат бойынша, тайфун зардабын тартқан адамдар саны 12 млн, олардың 920 мыңы өзге өңірлерге көшірілгендер. Сондай-ақ, үкіметтің хабарлауынша, апат салдарынан қаза болғандар саны 4460 адамға жетті», - деді ол.