Филиппиннің солтүстік бөлігін «Линфа» дауылы әбігерге салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күшті тропикалық «Линфа» дауылыныс салдарынан архипелагтың 11 жағалаулық қалаларында жолдар толық жабылды, тұрғын үйлер суға кетуде. Бұл туралы азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлады izvestia.ru.

«Көптеген жерлердің жолдары толық жабылды, тұрғын үйлер суға кетті, олардың кейбірі түгелдей суі астына батты», - деді азаматтық қорғаныс аймақтық басқармасының басшысы Чито Кастро. Құрбан болғандар мен қирату жөнінде ақпарат түскен жоқ. Дауылдың, желдің күші сағатына 120 шақырымға жетіп, архипелагтың солтүстік-батыс бөлігіне қарай төніп келеді.

7 мыңға жуық арал құрамына кіретін Филиппинде жыл сайын 27 тайфун мен дауыл әбігерге салады. Олардың бірі өте жойқын «Хайян» тайфуны 2013 жылы қарашада 6 мың адамның өмірін қиып кеткен болатын. Апат салдарынан әртүрлі дәрежеде 12 млн.-ға дейін тұрғын зардап шекті.