АСТАНА. KAZINFORM – Филиппиннің оңтүстігіндегі Басилан провинциясы жағалауында болған паром апаты салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті. Бұл туралы жексенбі күні Филиппин жағалау күзеті хабарлады, деп жазады Синьхуа.
Іздеу-құтқару операциясы паром апатқа ұшырағанына бір аптаға жуық уақыт өтсе де жалғасып жатыр. Замбоанга қаласынан Сулу провинциясындағы Холо қаласына бағыт алған кеме Балук-Балук аралының солтүстік-шығысында суға кеткен.
Филиппин жағалау күзетінің мәліметінше, кемеден кемінде 316 адам аман-есен құтқарылған.
Қазіргі уақытта билік өкілдері паром бортында болған жолаушылардың нақты санын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.