Филлипин содырлары үкіметтік әскерге екінші майданнан соғыс ашты

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Филлипиндік содырлар үкіметтік әскерді 2 майданда соғыс амалдарын жүргізуге мәжбүрледі.

Осымен төртінші күн қарсылық танытып отырған содырлар елдің оңтүстігіндегі тағы бір қалаға шабуыл жасады, деп хабарлады Утро. ру.

Исламшылардың Басилан өлкесіндегі Ламитан қаласына шабуылы салдарынан 5 адам қаза тауып, 6 адам із-түссіз жоғалып кетті. Армиялық арнайы жасақ жауынгерлері содырлардың бетін қайтара алды. Филиппиннің оңтүстігіндегі соғыс амалдарының 4 күні ішінде 12 адам қаза тапты. Қарулы исламшылар қалаға жапсарлас 6 ауданды басып алып, 200-ден астам жергілікті тұрғынды тұтқындап отыр.