Философия докторы (Ph.D.) академиялық дәрежесінің ізденушісі Эль-Шазли Мұхаммед Аббас Дурраяның диссертациялық еңбегі ашық түрде қорғалуда

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде химия факультетінің докторанты Эль-Шазли Мұхаммед Аббас Дуррая диссертациялық жұмысын ашық түрде қорғап жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғылыми жұмысты қабылдайтын комиссияның құрамында барлығы 12 ғылым және Ph.D докторалары бар.

Химия ғылымдарының докторы, профессор З.А. Мансуровтың және Техас университеті нанофаздық зерттеулер орталығының директоры, PhD докторы Гари Билдің жетекшіліктерімен даярланған Эль-Шазли Мұхаммед Аббас Дурраяның диссертациясы көміртекті нанотүтікшелердің синтезі мен қасиеттерін зерттеуге арналған.

Ізденушінің АҚШ-тағы шетелдік ғылыми жетекшісінің айтуы бойынша, нанофазалық зерттеулер орталығындағы әріптестері ҚазҰУ-дың PhD докторантурасының түлегі Эль-Шазли Мұхаммед Аббас Дурраямен әрі қарай бірлесіп жұмыс істейтін күндерін тағатсыздана күтуде.