Философия қоғамның пейілін жақсартады - З. Шәукенова

None
АЛМАТЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Философиялық сұхбат мүйісі» және «Философская гостинная» деп аталатын ғылыми-көпшілік қауымға арналған еңбектің тұсаукесері өтті.

Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтының 55 жылдық мерейтойына арналған бұл кітаптың авторлары - институт директоры Зарема Шәукенова мен «Весь Мир» газетінің бас редакторы Юрий Киринициянов.

«Қазір ғылым, оның ішінде гуманитарлық ғылымдар саласы қайта жандануда. Ғалымдарымыздың көптеген еңбектері жарық көріп жатыр. Алайда олар ғылыми тілде жазылғандықтан жалпы көпшілікке бірдей ұғынықты емес. Сондықтан ғылыми-көпшілік басылымдарды жаңғырту мақсатында осы жобаны жүзеге асырып отырмыз. Бұлар «Весь мир» газетінде 7 ғалымымыздың 2012 жылы жариялаған біздің қоғамның өзекті мәселелері туралы сұхбаттары негізінде жүзеге асып отыр»,- дейді ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы З.Шәукенова.

Зарема Кәкенқызының айтуынша, жалпы философия - көптеген қоғамдық білімдердің қайнар көзі. Ол қоғамның пейілін жақсартады және көптеген сұрақтарға жауап бере алады.