Ұшақ ұшқышы Эркки Ниираленнің айтуынша, бортта онымен бірге тағы үш адам болған. Ұшақ шамамен 400 метрдей биіктікке көтерілген сәтте мотор қақалып-шашалып сөне бастаған. «Мен жанармай беретін кранды тексердім, ол дұрыс тұрған, бірақ бензин ақпай қалды»,-дейді ол. Оның бар ойлағаны, жерде жүрген адамдардың және жанындағы екі жолаушының зардап шекпеуі болған.
Ұшақты жерге апатқа ұшыратпай қондырудың мүмкіндігі өте аз еді. Өйткені айнала толы тұрғын үйлер мен ойдым-ойдым ормандар. Абырой болғанда, Эркки екі машина келе жатқан жолды байқап қалған. Қуанышқа орай ұшқыш сол жерге аман-есен қонған.
Ешкім зардап шеккен жоқ.