«8 наурыздан бастап Финляндияда локдаун енгізіліп, 28 наурызға дейін созылады», - деді ол.
Енгізіліп отырған шаралар аясында орта және жоғары сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылып, 12 жастан асқан балалар үшін сабақ өткізілмейді, сонымен қатар елдегі мейрамханалардың жабылуы жоспарланып отыр.