Финляндия әлемдегі ең қауіпсіз ел атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндия әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет атанды. Бұндай шешімге Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары келген. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Швейцариялық үкіметтік емес ұйымның сайтында жарық көрген рейтингте екінші орын Біріккен Араб Әмірліктеріне бұйырған. Исландия үшінші, Оман төртінші орынға жайғасса, бесінші қауіпсіз ел атағы Гонконгқа бұйырды.

Ал Колумбия әлемдегі ең қауіпті мемлекет деп танылған, одан кейінгі орындарды Йемен мен Сальвадор бөлісіп тұр. Аталған рейтингті жасау кезінде сарапшылар қылмыстық деңгей, террорлық қауіп пен қарулы қақтығыстар сияқты критерийлерді есепке алған.