Финляндия аспаздары жетісулық қыз-келіншектермен тәжірибе бөлісті

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының кәсіпкерлері тәжірибе алмасып жатыр.



Оларға Финляндия елінің аспаздары  нан пісіруден бастап, түрлі тәтті тоқаш өнімдерін дайындаудың тың әдістерін үйретуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 

Фин кулинарлары нан өнімдерін тек ұннан ғана емес, оған түрлі қоспалар қосып пісіру құпияларымен бөлісті.Тәжірбие алмасуға Алматы облысының әр өңірінен 40-қа жуық қыз-келіншек қатысуда. Жаңа тәсілдерді меңгерген олар, өз ауылдарындағы әріптестерімен бөлісетін болады.
 

Шараға ұйытқы болған Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының айтуынша, шеберлік сабағы алдағы уақытта да ұйымдастырылады. Мақсат  -   тұтынушыларға барынша жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, денсаулыққа пайдалы тағамдар ұсыну.  

 

Соңғы жаңалықтар