Мемлекеттік Тerrafame компаниясы 2024 жылдың жазына қарай Соткамо аймағындағы Талвиваара кенішінде уран өндіруді бастау жоспарын жариялады. Қазір онда электр көліктерінің батареяларын өндіруде қолданылатын никель мен кобальт өндіріліп жатыр. Кәсіпорынның мәліметінше, жерден көтерілген кеннің бір келісінде шамамен 17 миллиграмм уран бар және осы уақытқа дейін оны өндірістік қалдықтарға жатқызып келген.
Terrafame жыл сайын шамамен 200 тонна уран алуы мүмкін. Жобаға салынған инвестиция шамамен 20 миллион еуроны құрады. Өндірілген уран шетелге экспортталады деп болжануда.