Финляндия кибершабуылдан кейін деректердің тарап кетуіне байланысты тергеуді бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Финляндияның Орталық криминалды полициясы мен Хельсинки полициясы ел астанасының ақпараттық жүйелеріне жасалған кибершабуылдан кейін ірі көлемдегі деректердің тарап кетуін тексеріп жатыр. Бұл туралы Финляндия полициясының мәлімдемесінде айтылған.

Фото: ortcom.kz

Ведомствода ел астанасы әкімшілігі қаланың білім беру және кәсіптік даярлау бөлімінің желісіне қатысты деректердің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш бергенін айтты.

«Қазіргі уақытта алдын ала тергеу нақты не болғанын, деректердің қалай тарағанын және осыған байланысты ақпараттарды анықтап жатыр», - деді полиция.

Хакерлік шабуыл 30 сәуірде жасалды.