Финляндия парламенті бір жынысты некеге дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндия парламенті жұма күні бір жынысты некеге рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады «Интерфакс».

Парламентте 200 депутаттың 105-і бұл бастаманы қолдаса, 92-сі қарсы шыққан.

Бұрын, 2002 жылдан бір жынысты адамдарға «тіркелген серктестікке» тұруға рұқсат етілген. Бірақ, ресми түрде неке қиюға тыйым салынған болатын. Финляндия бір жынысты некеге рұқсат берген 12-ші еуропалық ел болоып отыр.

Бұл заң бір жынысты адамдардың бала асырап алуына да мүмкіндік қарастырылған. Ол 2016 жылдан бастап, заңды күшіне енеді. Өйткені, бұл заңды қабылдаған соң, өзге заңнамаларға да өзгерістер енгізу қажет.