Екі жыл бойы 10 мың еңбекке қабілетті финндер ай сайын жұмыспен қамтылуына қарамастан 550 еуродан алып тұрады. Бұл сома жұмыссыздық жәрдеміне тең, оған тамаққа, жеке гигиенаға, киімге жұмсалатын және басқа да күнделікті шығыстар шығыны кіреді, деп хабарлады Reuters.
«Бізге мұндай эксперименттер қажет. Егер біз жағдайды жеңілдетпесек, Финн әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үлкен проблемаларға тап болады», - деді Мянтюля.
Егер эксперимент ойдағыдай нәтиже берсе, сөзсіз кіріс Финляндияның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне енгізіледі. 2015 жылы жарияланған жобаға сәйкес сөзсіз кіріс әлеуметтік жәрдемақыларды ауыстырады.
2016 жылы маусымда Швейцария да сөзсіз кіріс енгізу жөнінде референдум өткізбек.