Дегенмен, оқушылар шет тілі пәні ретінде араб немесе қытай тілін таңдауға құқылы, деп хабарлайды muslim.kz.
«Бізге көптен бері ата-аналар тарапынан араб тілін оқыту туралы ұсыныс түсіп келген еді. Ал, енді курсқа тіркеу басталғаны сол-ақ екен, айналасы бірер сағаттың ішінде толып қалды», - дейді Хельсинкидегі лицейлердің бірінің директоры Сирпа Ялканен.
Араб тілінің алғашқы сабақтары биылғы оқу жылынан бастап жүргізілмек. Әзірге тәжірибе ретінде елдегі бірнеше мектепте ғана оқытылатын болады. Дегенмен, жоспар бойынша, алдағы 5 жыл ішінде араб тілі Финляндияның 300 жалпы білім беретін мектептерінде негізгі пәнге айналмақ.