Финляндияда қасқыр саны 250 шамасында, олар құрып бара жатқан хайуанаттар қатарында. Аңшылыққа квота нақты өңірлерге бір айға берілген.
Билік осы арқылы қасқырдың өсімін бақылауда ұстаймыз деп ақталуда. Өйткені, кейбір фермерлер малды қорғаймыз деген сылтаумен қасқырды заңсыз аулауда.
Экологтар қасқырдың көзін жою олардың генетикалық тұрғыдан әртүрлілігін жояды деген қауіп айтуда.
Былтыр Финляндия 2007 жылдан бері алғаш рет қасқырды аулауға рұқсат берген, алайда Еуро одақтың жойылып бара жатқан жануарларды қорғау туралы заңнамасы бұзылды деген айып тағылған соң шешімнің күші жойылған еді.