Ойлана келе, Лаура ел президенті Сауль Ниинистёге хат жазып, өз жанұясының үш бөлмелі пәтерін Патша сарайына айырбастау туралы ұсыныс жасады.
Президенттен жауап келгенде, Лаура мен туыстары таңданысын жасыра алмады.
- Қызымыздың президенттің жеке өзінен жауап алғаны бізді қуантты. Біз суретті құттықтау хаты ғана келеді деп ойлағанбыз, - деді Лаураның әкесі Киммо Хонканиеми.
Өз хатында президент Ниинистё айтылған ұсынысты іске асыруға құзыреті жоқ екенін, оған президент сарайы мен Мянтюниеми резиденциясының уақытша тұруға берілгенін айтып түсіндірген.