Әткеншек күн энергиясымен жұмыс жасайтын моторлы қайықтың көмегімен қозғалады. Сондай-ақ, мұзға жасанды саунаны орнатқан.
Бұл аттракционды энергетика маманы және танымал ғылыми кітаптардың авторы Янне Кяпюлехто ойлап тапқан. Ол алғаш рет мұндай әткеншекті өзінің саяжайында құрастырған. Құрылымға көпшілік қызығушылық танытқасын, ер кісі Финляндияның астанасында осындай дүние жасауға бел буған.