«Фин саяси партияларының хатшылары Әділет министрі Анна-Мая Хенрикссонмен кездесті. 9 партияның 8-і жергілікті сайлаудың маусымға қалуын қолдады. Сайлау 13 маусымда өтеді»,-делінген хабарламада.
Хенрикссон өз кезегінде сайлау мерзімінің өзгеруіне коронавируспен байланысты жағдайдың күрделенуі себеп болып отырғандығын айтты. Финляндияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 648-ден 61 552-ге дейін ұлғайды. Инфекцияның асқынуынан елде 767 адам қаза тапқан. Коронавирусқа тестілеуден 3 млн-нан астам тұрғын өтті. Ауру жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші (840) 2020 жылдың желтоқсанында тіркелді.
Бұған қоса, елде коронавирустың жаңа штамын жұқтыру жағдайы 1 295-ке артты. COVID-19-ға қарсы вакцинаны 450 мың адам алды.