Финляндияда темекі шекпейтіндерге арналған үйлер салынады

АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Финнің Эспоо қаласында темекі шекпейтіндерге жалға берілетін 400-ге жуық муниципалдық пәтерлер салынады, деп хабарлады Лента.ру.

Бұл жоба темекіден бас тарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама ауқымында жүзеге асырылмақ. Темекі тартуға тыйым салатын жалдау шартымен салынатын пәтерлердің алғашқы кезегі 21011 жылғы сәуірде пайдалануға берілетін болады. Темекі тартуға пәтердің ішінде ғана емес, балконда, автотұрақта және үй маңында да рұқсат етілмейді.

Тұрғын үйлерді жалға беретін Espoonkruunu компаниясы директорының пікірінше, пәтерлерде темекі тартуға тыйым салу бара-бара Финляндияның басқа да қалаларында қалыпты жағдайға айналады. Сондай-ақ Хельсинки мен Вантаа қалаларында да темекі тартпайтындар үшін үйлер салу жобалары қарастырылуда.