Финляндияда ұмытшақ ресейлік туристке қалдырып кеткен 15 мың еуро ақшасын қайтарып берді

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Финляндияда ресейлік ұмытшақ туристке 15 мың еуро ақшасын қайтарып берді, деп хабарлайды Утро.ру.

Ер адам ақшасын жанар-жағармай құю стансасындағы әжетханада ұмытып кеткен. Әмиянды жанар-жағармай құю стансасына келген адам тауып алып, кешен қызметкеріне апарып беріпті.

Бірнеше сағат өткен соң ақша иесі кешенге қайтып келді. Ол ақшаны тауып алған адамға ризашылық білдіріп 100 еуро беріпті.