ХЕЛЬСИНКИ. KAZINFORM - Финляндияның бұрынғы консервативті премьер-министрі Александр Стубб жеті жылдық үзілістен кейін саясатқа қайта оралды. Ол президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетіп, қарсыласы — бұрынғы сыртқы істер министрі Пекка Хаавистоны басып озды, деп жазады ВВС.
Бюллетеньдер 100% саналған кезде Стубб 51,7%, Хаависто 48,3% дауыс жинағаны белгілі болды.
Украинадағы соғысқа байланысты Еуропадағы геосаяси жағдайдың өзгеруі премьер-министрмен салыстырғанда өкілеттігі шектеулі, үкіметпен бірге елдің сыртқы саясатын анықтайтын және Финляндия Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде әрекет ететін жаңа мемлекет басшысының басты міндеті болады, деп атап өтті AFP.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.