Финляндияда жидек теріп жүрген 40 шетелдік жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияда жидек теріп жүрген 40 шетел азаматы жоғалып кетті, олардың 37-сі украин, қалған үшеуі эстондықтар, деп хабарлайды YLE.

Әлгілер Тууповаара муниципалитетіндегі Йоэнсуу елді мекенінде жоғалып кеткен. Және олардың солтүстік Карелияда жұмыс істеуді жоспарлағандығы хабарланған. Алайда, ол жерде тұрғылықты жер берілмегендіктен, жергілікті тұрғындар аңшылар үйіне орналастырып, көмек көрсеткен.

Тамыз айының басында украиндар мен эстондар лашық үйден жоғалып кеткен. Енді олардың қайда екенін ешкім білмейді.