Әуе апаты жексенбі күні Ямиярви жеріндегі аэродромда орын алды. Ұшақ бортында барлығы 11 адам болған. Оның үшеуі аман қалды, олар ауруханаға жеткізілді. Ал қайтыс болған адамдардың мүрделері жанып кеткен ұшақ сынықтарының арасынан табылған. Қазіргі кезде әуе апатының себептері анықталуда.
03:21, 21 Сәуір 2014
Финляндиядағы әуе апатынан қаза тапқандардың саны 8 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндиядағы әуе апатынан қаза тапқандардың саны 8 адамға жетті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Сонымен қатар 3 адам жарақат алған.